«Желтоқсан оқулары 2016» VI өңірлік ғылыми практикалық конференциясының материалдары Материалы VI региональной научно практической конференции с международным участием






Название«Желтоқсан оқулары 2016» VI өңірлік ғылыми практикалық конференциясының материалдары Материалы VI региональной научно практической конференции с международным участием
страница2/83
Дата публикации17.07.2018
Размер8.58 Mb.
ТипДокументы
auto-ally.ru > География > Документы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83



СЕКЦИЯ 1

^ МОЛОДЕЖНАЯ СРЕДА:

ТЕРРИТОРИЯ БЕЗ ЭКСТРЕМИЗМА И ТЕРРОРИЗМА

ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА

Уразалыева Мулдир

«Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ «Естай Есжанов атындағы №9 орта мектеп» КММ Жетекші: Орынбасарова Б.И.

Бүгінгі күн де, ертең де, болашақта, қай кезде болмасын мемлекетіміздің басты тұлғасы біздер, жастармыз. Ендеше менің Отанымның келешегі менің қолымда деп білемін. Ал Мемлекетіміз біздер, жастарға барлық салада қолдау көрсетіп, мүмкіндіктер жасауды басты міндеті деп біледі.

Президентіміздің жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды. Бүгінгі таңда Елбасымыздың қолдауымен мемлекеттік жастар саясаты концепциясы бекітіліп, еліміздің барлық өңірінде жастар саясаты бағдарламасы қабылданды, үкіметте және жергілікті басқару ұйымдарының ішінен жастар ісі бөлімі ашылып, жұмыс істеуде. Республикамыздағы мемлекеттiк жастар саясаты жастардың рухани, мәдени, бiлiм алуы, кәсiби қалыптасуы мен дене тәрбиесiн дамытуы үшiн әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепiлдіктер жасап, бүкiл қоғам мүддесi үшiн олардың шығармашылық әлеуетiн ашу мақсатында жүзеге асырылып келеді. Біздің заманымыздың ғылым мен технологияның қарыштап дамып, өте жоғары деңгейге жеткен шағында сананың да өркениеті өрістеп биіктейтіні анық.. Бір анығы, адамның санасы, дүниетанымы жоғарылаған сайын қоғам да өзгереді. Мысалы, интернет жүйесі 1969 жылы 2 қыркүйекте пайда болып, қоғамға енгенде оны ең жас пайдаланушылар жасы 20-25 жастан асқан, ересек адамдар болса, қазіргі таңда интернетке 5-6 жастағы бала да әуес. Әрине, бәрін бірдей пайдалы деу артықтау шығар, сананы улап та жататыны бар. Алайда осындай құбылыстар орын алған қоғамымызда ұстанатын тек екі қағида бар: бірі – жан-дүниенің рухани тазалығы болса, бірі – сананың сергектігі. Біріншісіне жүрек, екіншісіне ақыл керек. Осыларды ұғып, білуге қайрат керек. Осы тұста жазушы Мұхтар Әуезовтың Абай атамыздың тұжырымдарына сүйеніп, «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген сөзінде сан-алуан астар бар. Ұлы ақынның бұл жерде «бесігіңді түзе» деген сөзді «ұрпағыңды түзе» деген сөзі екені айқын. Ендеше, ұрпақтың дүние танымы мен рухани байлығы үлкен жауапкершіліктің жүгі.

Еліміздің, мектеп ұстаздарының негізгі міндеттерінің бірі- жастарды отаншылдыққа, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу деп білеміз. Бұл бүгінде байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық туралы білім ғана емес, өнегелік, тәрбиелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды. Осы тұста айта кетерім, біздің «Естай Есжанов атындағы №9 орта мектебінде оқушылардың «Жас ұлан» ұйымы белсенді жұмыс атқарады. Белсенді оқушылар инициативасымен құрылған «Жасұлан» ұйымда ұйымдастырушы міндетін атқарамын. Сондықтан осындай кең ауқымда ұйымдастырылып отырған конференциядағы тақырыптар мені өз ойымды айтуға итермеледі. Әсіресе қазіргі күнде үрей мен қорқынышқа толы терроризм, экстремизм деген сөздің біздер оқушыларға қорқыныш білдіретіндігінде. Жоғарыда атап өткен «терроризм», «экстремизм» деген сөздердің мағынасын әлеуметтік желелілерден іздегенімде, мынадай түсініктер алдым: терроризм –латынның қорқыныш, үрей деген сөзінен шыққан. "Террор" ұғымы қазіргі әдебиеттерде диктаторлық немесе тоталитарлық жүйелердің өз азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей туғызу саясатын сипаттауда қолданылады. Терроризм жалпы лаңкестік әрекетін білдіретін Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады. Қауіпті жағдайға айналған осындай әрекеттерді іске асыру, көбіне қарулы топтар құрып, өзара өшіктіру әдістерін қолдану арқылы дін және ұлттық қайшылықтарды қоздырумен, сондай-ақ адам құқын жаппай бұзумен қатар жүреді. Ал экстремизм әртүрлі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, дінаралық жағдайдың ушығуына да себепкер болуда. Экстремистер қай діннің атынан белсенділік танытса, бәрінен де көп зиян шегетін сол дін. Саяси экстремизм тек саяси мүддені ғана көздейді. Олар адамдардың дінге деген құрметі мен сенімін өз мақсаттарына кеңінен пайдалана отырып, дін үшін әрекет етіп жүргендей көрінуге тырысады. Зорлық-зомбылық - тәндік және рухани тұрғыда адамдардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Жаңа заманның жастарының жаңа талаптарын елемеу уақыт ағымын ескермегенмен бірдей. Бұдан шығар қорытынды жастар арасындағы жағдаяттарды жіті қарасақ, төмендегідей мәселелерді тізімдеуге болады. Бұл жерде біз нақты статистикалық, я болмаса шетел тәжірибесімен салыстыру жүргізуді басты мақсат етпедік, өйткені өзімізде барды бағалай алуымыз, өзімізде жоқты жамай алуымыз қажет. Ең бастысы жастарөспірімдердің халқымыздың рухани байлығына сусындап тік өсуін қалаймыз. Менің өз ойымды тұжырымдауымша «терроризм», «эктремизм» деген сөздің мағынасын тек интернет көздеріне оқып біліп жүрмін, менің жасымдағы басқа да жастарымыз сол желі арқылы біледі деген ойдамын. Осындай білімсіздік жастардың алаң айналасына, я болмаса адасуға итермелейтіні де шыңдық. Қорыққаннан адам өлтіреді деген сөз осыған саяды. Өз пікірімше мынандай әлеуметтік тарапынан жіберілген олқылықтар өкінішке ікеліп соқтыратыны анық. Олар ақпараттық қауіпсіздіктің әлсіздігі, тәрбиеде ұлттық рухтың азаюы, мемлекеттік идеологияға жастардың толық қамтылмауы, кәсіби жантанушылардың аздығы. Балалар мен жасөспірімдерге аналған әдібиеттердің жетіспеушілігі, үлкендердің зомбылық бағытындағы тақырыпта диалог құра алмауы деп білемін.

Жастардың түрлі ағымдардың сонында кетуіндегі басты себептер:

  • Ата-ананың баласымен ой бөліспеуі, көңілдерін аудармауы;

  • үлкен адамдардың өз өміріндегі кемшіліктер мен күйзеліске ұшырауы;

  • жастар психологиясының тұрақсыздығы;

  • Сыни ойлаудың, өзіндік ой қорыту, талдаудың жоқтығы;

  • Қоғамда өз орның таба және бейімделе алмауы;  Тұрмыс деңгейінің төмендігі;  Бос уақыттарының көптігі.

^ Жастар арасындағы өткір мәселелер: Криминалды топтарға жастардың қызығушылығы; жұмыссыздықтың белең алуы, мәдени орындар мен спорт кешендерінің қол жетімді болмауы, маскүнемдік, нашақорлық кең етек алуы.

^ Экстремизмнің қоғамда таралудың басты себептері: Интернет желісінде жарнамалық түрдегі ақпараттардың берілуі, өмір сүру деңгейінің қиындай түсуі, жастардың мүдделерін елемеу.

Дәл қазіргі ең басты қауіп: ол жастар арасында дінді бетпердеге айналдыру мәселесі, әсіресе, РR технологияда да көрініс табуда. Ел болған соң елдігімізді айқындап, ұлттық болмысымызды сақтауымыз керек.

Елімізде іске асырылып отыраған экстремизмнің алдын-алу барысында төмендегідей ұсыныстарға тоқталып кеткім келеді: Біріншіден: ғаламторлардағы желідегі рұқсат етілген пікірлердің болуы. кәсіби балалар психологінің көптеп түсіндіру жұмыстарын жүргізуі, арнайы ұстаздардың оқулар өткізілуі, балалар жантанушысының мектепппен тығыз байланыста болуы, кәсіби теолог, т.б. мамандар тығыз жұмыс жасалынса. Екіншіден: желілік маркетингті жүйелі қадағалау және қайырымдылық және қоғамдық қорларды, сауықтыру орталықтарын қатаң бақылауға алу. Үшіншісі: экстремизм, терроризмге қарсы бағытталған жарнамаларды кеңінен тарату және мектептерге орналастыру. Төртіншісі: мемлекет адамдар алдындағы өз міндетін, адамдар мемлекет алдындағы өз міндеттерін, парыздарын білуі және ұмытпауы тиіс. «Елімізге Тыныштық тілесең тыныш жүр, ел дамуын ойласаң үлесінді қоса жүр»- дегендей қағидалар ауадай қажет. Менің мектебімдегі оқушылар ұйымының экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін атқарып отырған іс-шаралары мен мақсат-мүдделеріне тоқталып кетейін. Ұйымды құрудағы мақсатымыз: өскелең ұрпақтың бойында отаншылдық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Осыдан шығатын мүдделеріміз: Халқымыздың тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыруға үлесімізді қосу. Сонымен қатар өзіміз сияқты жасөспірімдер мен балалардың азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыра отырып, танымдық жұмыстарға белсенді қатысу. Мүддделерімізді іске асыру барысында шығармашылық және әлеуметтік дамуымыз үшін іс-шаралар ұйымдастыру. Осындай іс-шараларда жауапкершілікті, еңбексүйгіштікті, көшбасшылықты, ұйымдастырушық қабілеттерімізді пайдаланамыз. «Жасұлан» оқушылар ұйымының басты міндеті қоғаммен тығыз байланыста болу. Ұйымымыз биылғы тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай іс-шаралар ұйымдастырып, оны тиянақты атқарды. Ұйымдастырылған ісшараларға тоқталып кетсем: «Бейбіт ел» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел, «Мәңгілік ел - ұлтымыздың ұлы бағдары» тақырыбында өткізілген конференция, «Елімнің көк байрағы, желбіре!» тақырыбындағы концерттік бағдарламалар, патриоттық әндер сайысы, «Тәуелсіз елдің ұрпағы» интеллектуалды ойын, «Бірлік түбі тірлік» суреттер конкурсы, Сап түзеу «Үлкен елүлкен отбасы», флешмоб «Гүлде, Қазақстаным!», еңбек және соғыс ардагерлерімен кездесулер, балаларға арналған тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған салтанатты шерулер бізді рухтандырады.

Ойымды түйіндей келе, әуелі нағыз біліммен сусындамай, мұрынына білімнің иісі бармай дінді білу, тану болмайтын іс деген пікірге қосыламын.

Бүгінгі жастардың, жасөпірімдердің бейнесі бәсекеге қабілетті, жарқын жүзді, білімге құштар, ар-намысы мен рухы биік, тарихына таныммен, құрметпен қарайтын, еліне жаны ашитын адамгершілігі мол жандар. Әрине, бес саусақ бірдей емес, жастардың да ой-қабілеті әрқалай. Бір анығы, дүние танымдық қасиет рухани байлықпен теңелмейді. Рухани бай адамның жаны таза, кіршіксіз деп жатамыз, ал, дүниеге танымы зор жастардың кемел келешекке ұмтылысы биік болуы да мүмкін. Президентіміздің мынадай қанатты сөзі барлығымыздың жадымызда жүретіні анық:

«Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға

соншалықты қажыр-қайрат керек».

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі.

  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын

  3. Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Қазақ энциклопедиясы, 7 том.

  4. http://e-history.kz/kz/contents/view/1840


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83

Похожие:

«Желтоқсан оқулары 2016» VI өңірлік ғылыми практикалық конференциясының материалдары Материалы VI региональной научно практической конференции с международным участием iconОбразовательное учреждение иркутской области «ангарский автотранспортный...
Материалы VII научно-практической конференции «Сегодня мы строим завтра» (15 апреля 2016г.) – Ангарск: гбпоу аатт, 2016. 104 с

«Желтоқсан оқулары 2016» VI өңірлік ғылыми практикалық конференциясының материалдары Материалы VI региональной научно практической конференции с международным участием iconНовоуральске образование и наука III материалы III региональной научно-практической...
О – 2359 Образование и наука – III: Материалы III региональной научно-практической конференции «Образование и наука», Новоуральск,...

«Желтоқсан оқулары 2016» VI өңірлік ғылыми практикалық конференциясының материалдары Материалы VI региональной научно практической конференции с международным участием iconОбразовательное учреждение иркутской области «ангарский автотранспортный...
Материалы VIII научно-практической конференции «Сегодня мы строим завтра» (31 марта 2017г.) – Ангарск: гбпоу аатт, 2017. 57 с

«Желтоқсан оқулары 2016» VI өңірлік ғылыми практикалық конференциясының материалдары Материалы VI региональной научно практической конференции с международным участием iconМатериалы Пятой Международной научно-практической конференции 16...
Информационное поле современной России: практики и эффекты: Материалы Пятой Международной научно-практической конференции

«Желтоқсан оқулары 2016» VI өңірлік ғылыми практикалық конференциясының материалдары Материалы VI региональной научно практической конференции с международным участием iconI всероссийской научно-практической конференции
Менеджмент и маркетинг: современные тенденции развития теории и практики: Материалы I всероссийской научно-практической конференции,...

«Желтоқсан оқулары 2016» VI өңірлік ғылыми практикалық конференциясының материалдары Материалы VI региональной научно практической конференции с международным участием iconРазвития материалы Всероссийской научно-практической конференции,...
Модернизация экономики регионов России: проблемы: ориентиры и факторы развития : материалы Всероссийской научно-практической конференции...

«Желтоқсан оқулары 2016» VI өңірлік ғылыми практикалық конференциясының материалдары Материалы VI региональной научно практической конференции с международным участием iconВторая региональная научно-практическая студенческая конференция городу Камышину
Городу камышину – творческую молодёжь: материалы второй региональной научно-практической студенческой конференции, г. Камышин, 23-24...

«Желтоқсан оқулары 2016» VI өңірлік ғылыми практикалық конференциясының материалдары Материалы VI региональной научно практической конференции с международным участием iconВторая региональная научно-практическая студенческая конференция городу Камышину
Городу камышину – творческую молодёжь: материалы Второй региональной научно-практической студенческой конференции, г. Камышин, 23–24...

«Желтоқсан оқулары 2016» VI өңірлік ғылыми практикалық конференциясының материалдары Материалы VI региональной научно практической конференции с международным участием iconРоссийской федерации
Актуальные проблемы современной молодежи (социально-психологический аспект) Материалы студенческой научно-практической конференции...

«Желтоқсан оқулары 2016» VI өңірлік ғылыми практикалық конференциясының материалдары Материалы VI региональной научно практической конференции с международным участием iconПрограмма 65-й всероссийской научно-практической конференции
Оргкомитет 65-й всероссийской конференции, проводимой на базе Воронежского государственного архитектурно-строительного университета,...


авто-помощь


При копировании материала укажите ссылку © 2015
контакты
auto-ally.ru
<..на главную